Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы бірнеше тәулікке шектеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
19 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толығымен жабылмайды.
"Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, белгіленген жылдамдық режимін және уақытша жол белгілерінің талабын сақтауды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін", - делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2415083-almatyda-zhandosov-koshesining-bir-boliginde-kolik-qozgalysy-shekteledi/
