jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Бір апта еден жуып, қабырға әктедім": атыраулық мұғалім кабинетті жөндеуге мәжбүр болғанын айтты

жөндеу
Жөндеу жұмыстары. Фото: threads.com/@sandjiina

Атыраудағы мектептердің бірінде жұмыс істейтін мұғалім еңбек демалысы кезінде басшылық кабинетті жөндеуге және тазалауға мәжбүрлегенін айтып шағымданды. Білім басқармасы тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Педагог Threads желіcінде кабинетті жөндеу жұмыстарына тартылғанын жазды. Жөндеу аяқталғаннан кейін де оған қосымша тапсырмалар беріле берген.

"Бізді кабинетті жөндеуге мәжбүрледі. Мен жанжалдасқым келмеді, сол себепті бәрін жасап шықтым", - деп жазды мұғалім.

Оның айтуынша, ол еден жуып, шаң сүртіп, қабырғаларды әктеген. Бұл жұмыстар шамамен бір аптаға созылған. Педагогтың сөзінше, бұл оны физикалық тұрғыдан қатты шаршатқан.

Алайда одан кейін де оған тапсырмалар берілген. Соның ішінде демалыс кезінде шамдарды тазалау керек делінген.

"Ол үшін сатыға шығып, электр құрылғыларымен жұмыс істеу керек. Мен сыпайы түрде бас тарттым", - деді ол.

Мұғалімнің айтуынша, бас тартқаннан кейін оқу ісінің меңгерушісі: "Үйде люстра жуасыз ба?" - деп сұраған. Педагог мұндай тапсырмалар оның міндеттеріне жатпайтынын мәлімдеген.

"Мен мұғалім болып жұмыс істегім келеді", - деп атап өтті ол.

Педагог кәсіби қызметі мен оқушыларының жетістіктері туралы да айтып берді. Ол балаларды байқаулар мен көрмелерге дайындайтынын жеткізді.

"Мен әрқайсысына шынында да бар күшімді саламын", - деп жазды мұғалім.

Атырау облыстық білім басқармасы жазбаға қатысты пікір білдіріп, тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

"Желіде педагогтарды білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау жұмыстарына тарту туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Атырау облысының білім басқармасы аталған фактілер бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Басқарма педагогтардың еңбек құқықтарын сақтау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қамтамасыз етілетінін мәлім етті.

"Егер тексеру барысында мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға заңсыз тарту фактілері анықталса, жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Посмотреть в Threads

"Бір апта еден жуып, қабырға әктедім": атыраулық мұғалім кабинетті жөндеуге мәжбүр болғанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.