jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы облысының тауларынан табылған адам сүйегі кімдікі екені айтылды

Табылған жабдықтар
Табылған жабдықтар. Фото: facebook.com/akhmetova.kz

Қазақстандық Нелли Михеева желіде Алматы облысының тауларынан табылған мәйіт 2007 жылы жоғалып кеткен әкесінің cүйегі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық Нелли Михеева Instagram желісіндегі stories бөлімінде Алматы облысының тауларынан табылған сүйектер әкесінікі екенін жазды.

"Бүгін біздің отбасымыз үшін бір жағынан қайғылы, екінші жағынан қуанышты күн. 19 жылдан кейін әкемнің сүйегі табылды. Северцев мұздығы еріп, Беларусь елінен келген туристер әкемнің сүйегі мен рюкзагын тауып алды. Оларға үлкен алғыс айтамын, бей-жай қарамады.

Таңертең құрбым маған рюкзактың суретін және жазбаны жіберіп, оның біздікіне өте ұқсас екенін айтты. Мен қарап, оның шынымен де әкемнің рюкзагы екенін түсіндім. Әкемде ескі, Кеңес одағы заманынан қалған рюкзак болған. 2007 жылы біреудің дәл сондай рюкзакпен тауға шығуы екіталай еді", - деді әйел.

Қазақстандықтың айтуынша, ол Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарласқан. Онда оған тергеушінің телефон нөмірін берген. Полиция өз кезегінде отбасында бар барлық құжатты жіберуді сұрады.

"Біз бәрін жібердік, мен рюкзак түсірілген барлық фотосуретті жолдадым. Кейін тергеуші қайта хабарласып, рюкзактың ішінен әкемнің жеке куәлігі табылғанын айтты.

Қазір біздің отбасымызды қолдап, басқа елдерден хабарласып жатқан жандардың барлығына алғыс айтамын. Шынымды айтсам, қазір қандай сезімде екенімді білмеймін. Оқиғаның осылай қайғылы болса да аяқталғанына қуаныштымын. Әкемнің сүйегін тауып алдық, енді әкемізді жер қойнына тапсыра аламыз. Мұның бәрін қайта бастан кешіру ауыр тиіп жатыр", - деді Нелли Михеева.

NUR.KZ тілшілері Алматы облысы полиция департаментінен осыған қатысты түсінік беруді сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында анықталған туристің мәйітін эвакуациялағанын хабарлағанбыз.

Алматы облысының тауларынан табылған адам сүйегі кімдікі екені айтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.