Астанадағы даңғылдардың бірінде автобус жолағы енгізілді: әкімдік жүргізушілерге үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана әкімдігі елордалық жүргізушілерге Қошқарбаев даңғылының бір бөлігінде арнайы автобус жолағы енгізілгенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгіннен бастап Р. Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан М. Төлеубаев көшесіне дейінгі бөлігінде автобус жолағы іске қосылған.
"Арнайы бөлінген жолақ қоғамдық көліктің кедергісіз жүруіне мүмкіндік беріп, оның жұмыс тиімділігін арттыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және жолаушылар үшін қатынасты барынша қолайлы етуге бағытталған.
Осыған байланысты жүргізушілерден аталған учаскедегі жол қозғалысы тәртібінің өзгеретінін алдын ала ескеріп, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2415540-astanadagy-danggyldardyng-birinde-avtobus-zholagy-engiziledi-akimdik-zhurgizushilerge-undeu-zhasady/
