jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі екі түнге жабылады

белгі
Жол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жүргізушілерге Төле би көшесінде түнде қозғалыс шектелетіні ескертілді. Шектеу екі көшенің аралығындағы учаскеде енгізіледі, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс екі түнге шектеледі. Шектеу LRT жобасын жүзеге асыру аясындағы жұмыстарға байланысты.

"21 және 22 тамыз күндері сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарына байланысты Наурызбай батыр көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қозғалыс схемасы
Қозғалыс схемасы. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі екі түнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.