jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Президент тапсырмасы бойынша Ұлытау облысында қандай жобалар жүзеге асырылады

Ұлытау облысында қандай жобалар жүзеге асырылады
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Өңірде ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен мәлімдеді, деп хабарлайды Ұлытау облысының әкімдігі.

Биыл және 2027 жылы облыста әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым саласындағы 25-тен астам бірінші кезектегі жобаны іске асыруды бастау жоспарланып отыр.

Ұлытау облысында қандай жобалар жүзеге асырылады
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Бұл жұмыстарға "Самұрық-Қазына" АҚ, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, Болат Өтемұратов Қоры, "Қазақстан халқына" қоры, Qazaqstroy ЖШС, Atasu Group және басқа да ірі компаниялар ат салысуда.

Жобалар қатарында заманауи спорттық және әлеуметтік нысандар салу, тұрғын үй құрылысын дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бастамалар бар.

Ұлытау облысында қандай жобалар жүзеге асырылады
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

"Біздің басты міндетіміз – инвестиция тарту қарқынын бәсеңдетпей, оның нақты нәтижесін тұрғындар сезінетіндей ету. Сондықтан жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, экологияны жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық беріледі", – деді Есет Байкен.

Президент тапсырмасы бойынша Ұлытау облысында қандай жобалар жүзеге асырылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.