Петропавлда зейнеткер көпқабатты үйдің ауласын өз қаражатына абаттандырып жатыр (видео)
Жарияланған күні:

Петропавлда зейнеткер көпқабататты үйдің ауласын өз күшімен безендіріп жүр. Түрлі түсті қоршау, арба, ойыншықтар, қысқасы есік алдындағы барлық зат Бақытжан Әділовтің туындысы, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Шебердің айналаны абаттандыруға ден қойғанына 20 жыл болды. Тұрмыстық заттар мен ескі бұйымдарды кәдеге жаратып, оған тың кейіп сыйлайды. Мәселен, марсоход, паровоз, ұшақ, барлығы да балақайлардың жайлылығы үшін жасалғанын айтады. Тіпті балаларға жол ережесін үйрететін бағдаршам мен арнайы жол белгілері де бар. Ал ойын алаңының дәл ортасында Қазақстанның туы желбіреп тұр.
"Өз ақшама алып жатырмын. Жазда сырлау керек, лактеу керек, шөп шабу керек. Шамамен 60 мың кетеді. Бастап, қалдырып кетсем, бір жағынан өкінішті болады. Денсаулық барда істеп жатырмын. Сенбілік болғанда тұрғындар көмектесіп тұрады. Оларға да рақмет айтамын", - дейді зейнеткер.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2415654-petropavlda-zeinetker-kopqabatatty-uiding-aulasyn-oz-qarazhatyna-abattandyryp-zhatyr-video/
