jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда көшелердің бірі бірнеше күнге жабылады

жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда Майлин көшесіндегі қозғалыс сызбасы өзгереді. Шектеулер 21 мен 24 тамыз аралығында енгізіледі, деп хабарлайды Telegram-дағы Almaty Joly арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Әкімдік жүргізушілерге Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелетінін ескертті.

"21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін №9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.

Жөндеу жұмыстары көшенің батыс бөлігінде жүргізіледі, ал ал қарама-қарсы жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Әкімдік жол қозғалысына қатысушыларды уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.

Алматыда көшелердің бірі бірнеше күнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.