jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары краннан аққан суға шағымданды

Краннан аққан су
Краннан аққан су. Видеодан кадр: threads.com/@mika_055_05

Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғыны краннан қоңыр түсті су ағып жатқанын айтып, шағымданды. Әкімдіктегілер судың түсі неліктен өзгергенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғыны әлеуметтік желіде сумен жабдықтауға қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, отбасы пәтерді бірнеше ай бұрын ғана сатып алған. Алайда краннан қоңыр түсті су ағып жатыр.

"Бұл сұмдық. Үйді бірнеше ай бұрын сатып алдық, ешкім өзіне жауапкершілік алғысы келмейді. Құбырларды ауыстыру өте қиын. Осылай болғанына өкінемін, бұл бізге сабақ болады. Біз сеніп сатып алдық, нәтижесі осындай болды. Өте өкінішті. Жуыну мүмкін емес", - деп жазды әйел.

Ол тұрғын үй кешенінің комфорт-класс санатына жататынын да атап өтті.

Әкімдікте бұл мекенжай бойынша су сапасына қатысты шағымдар түскенін мәлім етті. Жағдай бақылауда.

"Аккредиттелген зертхана мамандары сумен жабдықтаудың магистральдық желілерінен де, үйге кіреберістен (жертөле) де су сынамаларын бірнеше рет алды. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша судың сапасы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен МемСТ талаптарына толық сәйкес келеді", - делінген әкімдік жауабында.

"Астана Су Арнасы" МКК мәліметінше, қалалық желілер тиісті сападағы суды жеткізіп жатыр. Мамандардың түсіндіруінше, су түсінің өзгеруі үйішілік коммуникацияларға байланысты.

"Нысан үлкен және қазіргі уақытта оған тұрғындар толық қоныстанбаған, соның салдарынан жекелеген тікқұбырлар мен ішкі құбырларда су тұрып қалады және суды сирек тұтынған кезде тұнба шайылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қалалық сумен жабдықтау желілерінің жұмысында ешқандай бұзушылық тіркелмеген. Су штаттық режимде беріліп жатыр.

Мәселені шешу үшін қызмет көрсетуші ұйымға, МИБ-ке немесе басқарушы компанияға тұрғын үй кешенінің ішкі сумен жабдықтау желілерін жуып-шаю және жұмысын ретке келтіру ұсынылды.

Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары краннан аққан суға шағымданды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.