Жамбыл облысында жүздеген жұмысшының зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдары төленбеген
Жарияланған күні:

Жамбыл облысы Жуалы ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізген. Нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық деректері анықталған, деп хабарлайды облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, "Жуалы су" КМК қаржылық шығындарды негізсіз жоспарламағандықтан, 168 жұмысшыға 2026 жылғы ақпан-мамыр айлары аралығында жалпы сомасы 2,6 млн теңгеден астам зейнетақы жарналары, сондай-ақ 3 млн теңгеден астам әлеуметтік аударымдарды төлемеген.
"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек толық өтеліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Осылайша, Жуалы ауданының прокуратурасы жұмыскерлердің конституциялық құқықтарын қорғады", - делінген ведомствоның ресми сайтындағы ақпаратта.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2416158-zhambyl-oblysynda-zhuzdegen-zhumysshynyng-zeinetaqy-zharnasy-men-aleumettik-audarymdary-tolenbegen/
