Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Жарияланған күні:

Алматы әуежайы жолаушыларға Майлин көшесіндегі жөндеу жұмыстары туралы ескертті, деп хабарлайды әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы әуежайының баспасаөз қызметінің мәліметінше, 21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін Майлин көшесінің батыс жағында, №9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Көшенің қарама-қарсы жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Жол қозғалысындағы өзгерістерді ескеріп, әуежайға барар бағытыңыз бен жолға кететін уақытты алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Бұл ықтимал кідірістердің алдын алуға көмектеседі", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2416170-almaty-auezhaiy-zholaushylarga-undeu-zhasady/
