jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

eGov пен мемлекеттік органдардың сайттары неге істемей қалды: мамандар себебін түсіндірді

Egov.kz сайты
Egov.kz сайты. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде электрондық үкімет порталы мен мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарына кіруде уақытша қиындықтар туындады. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мамандары ақаудың себебін түсіндірді, деп хабарлайды kazinform.

Компанияның мәліметінше, сыртқы интернет-трафик белсенділігінің артып, ұлттық цифрлық инфрақұрылымды қорғауға арналған арнайы механизмдердің іске қосылуына себеп болған.

"Олар сыртқы белсенділікке дер кезінде жауап беріп, ұлттық цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазір трафик қалпына келтірілді, мемлекеттік цифрлық ресурстарға қолжетімділік штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", – деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.

Компанияның мәліметінше, мамандар жағдайды бақылауды жалғастырып, сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Соның өзінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақау болғаны туралы ақпаратты растаған жоқ.

Бұған дейін, Мемлекеттік кірістер комитеті ведомствоның цифрлық жүйелері 21 тамыз күні сағат 12:30-дан 16:00-ге дейін уақытша қолжетімсіз болғанын хабарлаған. Қазір олардың жұмысы қалпына келтірілді.

eGov пен мемлекеттік органдардың сайттары неге істемей қалды: мамандар себебін түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.