jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Өскемендегі шағын аудандардың біріне аю кіріп кетті (видео)

Аю
Аю. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

Өскемен қаласының Аблакетка шағын ауданында су электр станциясы маңында аю жүрген сәтінен түсірілген видео желіде тарап, тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан аюдың Аблакеткадағы су электр станциясы маңында жүргенін байқауға болады. Тұрғындар сол жерде кешкі уақытта жастар көп жүретінін айтып, олардың қауіпсіздігі үшін алаңдаушылық білдірді.

Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету тобы аңды іздеуге шықты.

"Инспекторлар Аблакеткадағы саяжайлар аумағында жүр. Олар дрондардың көмегімен жағдайды әуеден бақыламақ. Аю бір орында тұрмайтындықтан, басқа жаққа кетуі немесе бір жерде жатып қалуы мүмкін. Түнде қайта көрінуі де ықтимал. Сол себепті инспекторлар сол аумақта кезекшілікте болады. Аю табылған жағдайда оны үркітіп, елді мекеннен алыстатуға тырысады", - деді жедел әрекет ету тобы бастығының орынбасары Сергей Карманников.

Оның сөзінше, жаз басталғалы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен ауылдарына аю кіріп кетуіне қатысты 20-ға жуық өтініш түскен. Белгілі болғандай, аңдардың елді мекендерге жақындауының себебі — ормандағы қоректің аздығы.

Өскемендегі шағын аудандардың біріне аю кіріп кетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.