jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Магистратура гранттарының нәтижесі қай күні, қай уақытта шығатыны белгілі болды

Студенттер
Студенттер. Иллюстрациялық фото: Baona/Getty Images

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек магистратураға арналған грант конкурсының нәтижесі нақты қай күні жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саясат Нұрбектің айтуынша, конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары мен министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

"Еске сала кетейін, болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін қоса алғанда жүргізіледі.

Құрметті болашақ магистранттар! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Білім жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, алдағы оқу жылы жаңа академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге бастасын", - деп жазды ол.

Айта кетейік, биыл конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық.

Ең сұранысқа ие білім беру бағыттарының арасында "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" бар.

Магистратура гранттарының нәтижесі қай күні, қай уақытта шығатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram