jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жаңақорған ауданында "Таза Қазақстан" аясында тазалық акциясы өтті

"Таза Қазақстан" тазалық акциясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жаңақорған-Шалқия автожолы бойында "Таза өлке – ортақ жауапкершілік" атты тазалық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру және аудан аумағын көркейту.

Тазалық жұмыстарына 50-ге жуық белсенді жас пен "Жаңарған Жаңақорған жастары" ұйымының мүшелері қатысып, ауданға кіреберіс саналатын Жаңақорға-Шалқия автожолында айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

"Таза Қазақстан" тазалық акциясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Іс-шара барысында жастар тазалық пен тәртіпті сақтау – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Белсенді жастар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысудың маңыздылығын көрсетті.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мұндай шаралар жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Таза орта – елдің көркі. Туған жерге жанашырлық тазалықтан басталады!

Жаңақорған ауданында "Таза Қазақстан" аясында тазалық акциясы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.