jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыдағы даңғылдың бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Иллюстрациялық фото: Photothek/Getty Images

Алматыдағы Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 07:00-ге дейін Жандосов және Шаляпин көшелерінің арасындағы учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.

"Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Жүргізушілерден сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жабылатын жол схемасы
Жабылатын жол схемасы. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы даңғылдың бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.