jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Құрылтай сайлауы: сайлаушылар тізіміне қанша қазақстандық енді

Дауыс беруге келген қазақстандықтар
Дауыс беруге келген қазақстандықтар. Фото: t.me/rskalmombl

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес, сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі жұмысын бастаған.

Сондай-ақ біздің елден тыс жерде орналасқан 16 шет мемлекетте 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Осылайша ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды.

Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды.

Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды.

Барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 61 шет мемлекетте 79 учаске.

Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.00-ден бастап екі сағат сайын сайлаушылардың дауыс беруі туралы хабарлайтын болады.

Құрылтай сайлауы: сайлаушылар тізіміне қанша қазақстандық енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.