jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Садақтан — сайлауға: Лұқпановтар отбасы өз таңдауын жасады

Лұқпановтар отбасы
Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін, 23 тамызда дәстүрлі садақ атудан ел намысын қорғап жүрген садақшылар, ерлі-зайыпты Мұрат Лұқпанов пен Гүлайым Лұқпанова Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды БҚО әкімдігі.

Мұрат Лұқпанов — дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы, 2026 жылғы Түркістанда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2026 жылы Стамбұлда өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері, "Ақ бидай–2025" ауыл спорты ойындарының "Пута" нысанасы бойынша чемпионы, сондай-ақ республикалық жарыстардың жүлдегері.

Ал Гүлайым Лұқпанова — дәстүрлі садақ атудан өңір намысын қорғап жүрген садақшы. Ол "Ақ бидай" ауыл спорты ойындарында үздік нәтижесімен көзге түсіп, үздік бестіктің қатарына енген.

Спортта дәлдік пен нысанаға бағыттылық маңызды болса, ел өмірінде әр азаматтың таңдауы да маңызды. Ел намысын спортта қорғап жүрген Лұқпановтар отбасы бұл жолы азаматтық ұстанымдарын білдіріп, Құрылтай сайлауында өз дауыстарын берді. Дәл таңдау — жарқын болашаққа бастар жол!

Садақтан — сайлауға: Лұқпановтар отбасы өз таңдауын жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.