jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда "Месси" мен "Роналду" Құрылтай сайлауында дауыс беруге келді

"Месси" мен "Роналду"
"Месси" мен "Роналду". Фото: Алматы ӨКҚ

Алматыдағы №70 мектепте орналасқан №294 сайлау учаскесіне әлемге әйгілі екі футбол жұлдызы – "Месси" мен "Роналду" келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Футбол аңыздарының кейпіне енгендер – танымал спортшылардың жанкүйерлері. Олар сайлауға баруды есте қаларлықтай етіп, көпшіліктің назарын ең танымал спорт түрлерінің біріне аударғысы келген.

Сайлау учаскесіне кіріп, дауыс бермес бұрын "Месси" мен "Роналду" мектептің алдында шағын футбол жаттығуын жасады. Доппен бірнеше жаттығу жасаған жігіттер сайлау күнін көтеріңкі көңіл күйде бастады.

Жігіттердің айтуынша, олар қоғамдық өмірге қатысуды сүйікті ісімен ұштастыруға болатынын көрсеткісі келген. Сондай-ақ олар Құрылтай мүшелерін сайлау – азаматтық белсенділік танытудың бір жолы екенін атап өтті.

"Ерекше қонақтар сайлаушылардың назарын бірден аударып, учаске маңында көтеріңкі атмосфера қалыптастырды. Футбол кейіпкерлері жұртпен суретке түсіп, олардың келуі Алматыдағы сайлау күнінің ең креативті сәттерінің біріне айналды", - дейді Өңірлік коммуникациялар қызметі өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз сайлауда дауыс беруге ерекше образдарда келген қазақстандықтар мен өз таңдауын жасаған шенеуніктер жайлы жазған едік.

Алматыда "Месси" мен "Роналду" Құрылтай сайлауында дауыс беруге келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.