jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматы тұрғыны сайлау күні әлеуметтік желіде жазба жариялағаны үшін айыппұл арқалады

ақша
Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Бас прокуратураның басқарма бастығы Ерлан Жанпейісов брифинг барысында Алматыда әйел адамның әлеуметтік желідегі жарияланымы үшін айыппұл төлегенін мәлімдеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бас прокурор аппаратының БАҚ-қа мониторинг жүргізу және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейсов сайлауға қатысты прокуратура органдарына ешқандай шағым түспегенін айтты.

Соттарға да талап-арыздар түскен жоқ. Дегенмен үгіт-насихатқа қатысты бір заң бұзу дерегі тіркелді.

"Бүгін кез келген үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынған. Толтырылған бюллетеньді суретке немесе видеоға түсіріп, оны тарату да үгіт-насихат болып саналады.

Алайда бүгін заң бұзудың бір дерегі анықталды. Осы оқиға бойынша Алматы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол өз кінәсін мойындап, жарияланымды өшіріп тастады. Осыған байланысты біз барлық азаматты заңды сақтауға шақырамыз", - деді Ерлан Жанпейісов.

Алматы тұрғыны сайлау күні әлеуметтік желіде жазба жариялағаны үшін айыппұл арқалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.