jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Павлодарда бір айда екінші үшем өмірге келді (видео)

Павлодар облысында өмірге келген үшем
Павлодар облысында өмірге келген үшем. Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда бір айда екінші үшем дүниеге келді. Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасы хабарлайды.

Павлодар ауданына қарасты Кемеңгер ауылында көпбалалы Түсіпбековтер отбасында бірден үш сәби дүниеге келді.

Отбасы бұған дейін төрт бала – үш ұл мен бір қызды тәрбиелеп келген. Енді шаңырақтағы бала саны жетіге жетті. Сәбилерге Елнара, Елнияр және Елдияр деп ат қойылды. Отбасында қалыптасқан дәстүр бойынша, барлық баланың есімі "Е" әрпінен басталады.

Осылайша Елдана Түсіпбекова "Алтын алқа" иегері атанбақ.

Павлодарда бір айда екінші үшем өмірге келді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.