jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы тауларында 17 жастағы турист құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

тау
Турист құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Фото: t.me/qr_tjm

Горельник шатқалында 17 жастағы турист басы айналып, өзін жайсыз сезінген. ТЖМ құтқарушылары оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, "Медеуге" жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Горельник шатқалында, "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортынан төмен жерде 17 жастағы туристің денсаулығы сыр беріп, өзін жайсыз сезінген. Ол басы айналғанын айтып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

"ТЖМ "Барыс" Республикалық құтқару қызметі бөлімшесінің құтқарушылары оқиға орнына жетіп, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны "Медеу" мұз айдынына дейін алып түсіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.

Алматы тауларында 17 жастағы турист құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.