jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңа оқу жылы: ІІМ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтті

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ жаңа оқу жылына санаулы күндер қалғанын, осыған байланысты полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейткенін еске салды.

Оқу жылы басталар алдында мектептер мен білім беру ұйымдарының маңында бақылау күшейтіледі.

"Полицияның міндеті – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырады. Әсіресе, балалардың жолға күтпеген жерден шығып қалуы мүмкін екенін әрдайым ескерудің маңызы зор", - деп мәлімдеді ІІМ.

Қазіргі уақытта мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексеріләп жатыр. Сонымен қатар мектеп автобустары мен балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігі де бақылауға алынған.

Тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымына қатысты 548 нұсқама берілген.

ІІМ ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін күн сайын еске салып отыруға шақырады.

Жаңа оқу жылы: ІІМ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.