jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

25 тамызда жаңа талаптар күшіне енеді: Алматы полициясы электрсамокат тебушілерге үндеу жасады

Самокат теуіп бара жатқан жасөспірім
Самокат теуіп бара жатқан жасөспірім. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда электрсамокаттарға қатысты енгізілген жаңа талаптар бір күннен кейін күшіне енеді. Полиция 25 тамыздан бастап қала жолдарында қандай өзгеріс болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 тамыздан бастап Алматыда электрсамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады.

Жолдың жүріс бөлігімен тек 18 жастан асқан, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі және қорғаныш дулығасы бар азаматтарға жүруге рұқсат етіледі. Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану міндетті.

"Негізгі өзгеріс – электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен қозғалуына тыйым салынады. Бұл ретте жолдың жүріс бөлігіне тек кәмелетке толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі және қорғаныш дулығасы бар азаматтар ғана шыға алады", - деп атап өтті Әбдінұр Тасыбаев.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелінен өткенде самокаттан түсіп, оны жаяу алып өту қажет.

Прокат электрсамокаттары тіркеу нөмірлерімен және міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілуге тиіс. Кикшеринг компаниялары олардың техникалық жағдайын, жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылауға міндетті.

25 тамызда жаңа талаптар күшіне енеді: Алматы полициясы электрсамокат тебушілерге үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.