jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алакөлде жарық ұдайы өшеді: энергетика министрлігі не дейді

Шам
Шам. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Үкіметте өткен брифингте энергетика министрі Алакөлдегі электр қуатының жиі өшуі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өңірлік электр желілік компанияларының сапасына ұзақ уақыт бойы назар аударылмағанын мәлімдеді.

"Алакөлге қатысты айтар болсақ, иә, тек электр энергиясы ғана емес, жанармай бекеттеріне қатысты да мәселе бар. Демалыс маусымында жанармай құю бекеттерінде кезек болатынын білеміз. Қазір біз бұл мәселені бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізу арқылы шешіп жатырмыз. Оларға қосымша жанармай бекеттерін ашуды ұсынудамыз.

Өңірлік электр желілік компанияларының жұмысы Энергетика министрлігінің қатаң бақылауында. Жергілікті атқарушы органдар да бұл компаниялардың сапасын жақсарту үшін жұмыс істеп жатыр. Тарифті инвестицияға айырбастау бағдарламасын енгізу өңірлік энергетикалық компаниялардың жұмысын қысқа мерзімде сапалы өзгертуге көмектеседі деп ойлаймын", - деді министрлік басшысы.

Ол былтыр энергетика министрлігі парламентке өңірлік электр желілік компанияларын қайта жаңарту туралы заң жобасын енгізгенін айтты. Заңнамалық түзетулерді жаңадан сайланған Құрылтай қарайды.

"Энергетика министрлігі ретінде біз бұл заң жобасын қабылдау үшін бар күшімізді саламыз", - деді министр.

Алакөлде жарық ұдайы өшеді: энергетика министрлігі не дейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.