Қазақстан мектептерінде бірден бес пән бойынша жаңа бағалау жүйесі енгізіледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова елдегі мектептерде бұған дейін жеке бағаланбаған пәндер бойынша формативтік бағалау жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шынар Ақпарованың айтуынша, бұған дейін жеке бағаланбаған "Цифрлық сауаттылық", "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Музыка" және "Дене шынықтыру" пәндері бойынша формативтік бағалау жүргізіледі.
Аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі.
"Бұл пәндер бастауыш білім берудің жалпы мазмұнына кіреді және әр пән баланың белгілі бір білімі мен дағдысын қалыптастырады. Сондықтан оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің барлық пән бойынша көрініс табуы маңызды.
Ол қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді, керісінше, пәннің ерекшелігіне сәйкес сабақ барысында орындалатын практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және командалық жұмыстардың нәтижесіне негізделеді", - деп мәлімдеді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2418153-qazaqstan-mektepterinde-birden-bes-pan-boiynsha-zhanga-bagalau-zhuiesi-engiziledi/
