Жолаушы көз жұмды: Ресейге бағыт алған ұшақ Атырау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түркиядан Ресейге бағыт алған "Аэрофлот" әуекомпаниясының ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұған жолаушының денсаулығы күрт нашарлауы себеп, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген. Оның жағдайы күрт нашарлауына байланысты экипаж Атырау әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы қайтыс болған", - деп хабарлады atyrauoil.official.
Көліктегі полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне оқиға 25 тамызда болғанын мәлім етті. Бұл факт Атырау станциясындағы көлік полициясы бөлімінде тіркелген.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді алғашқы тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, Көліктегі полиция департаменті өзге ақпаратты жарияламайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2418485-zholaushy-koz-zhumdy-reseige-bagyt-algan-ushaq-atyrau-auezhaiyna-shugyl-qonuga-mazhbur-boldy/
