Қазақстандық жүргізуші куәліктері Қытайда жарамды болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Ашық НҚА" порталында Ішкі істер министрлігі дайындаған қаулы жобасы жарияланды. Онда Қазақстан мен Қытай арасындағы жүргізуші куәліктерін тану рәсімін жеңілдету мәселесі қарастырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жобаға сәйкес, Қазақстан мен Қытай азаматтары белгіленген шарттарды сақтай отырып, екінші елдің аумағында жеңіл көлік құралын басқару үшін өздерінің ұлттық жүргізуші куәліктерін пайдалана алады.
"Келісімді іске асыру айналмалы алмасуды жүзеге асыратын мемлекет заңнамасының талаптары сақталған жағдайда, қайта оқудан өтпестен және емтихандарды тапсырмастан жүргізуші куәліктерін алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жүргізуші куәліктерін тану және алмасу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының құзыретті органдарының өзара іс-қимыл механизмін құруға мүмкіндік береді", - делінген жоба мәтінінде.
Келісім қабылданған жағдайда, Қазақстан мен Қытай азаматтарының жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу тетігі әзірленетіні атап өтілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2418488-qazaqstandyq-zhurgizushi-kualikteri-qytaida-zharamdy-boluy-mumkin/
