Каспий теңізінде жаңа арал пайда болды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Каспий теңізінде жаңа арал пайда болды. Caspian Holiday компаниясының негізін қалаушы Ерболат Мұқашовтың айтуынша, бұл теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты, деп хабарлайды Lada.kz.
Ерболат Мұқашовтың айтуынша, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жаңа аралдар пайда бола бастады. Бұл үдеріс соңғы 4-5 жылда теңіз деңгейінің түсуіне байланысты жүріп жатыр. Аталған аралдар Каспий итбалықтары мекендейтін Құлалы, Теңіз, Святой, Подгорный, Үшарал, Маяқшыққан және Долгий аралдарының маңында орналасқан.
"Жақында пайда болған аралдардың бірі – Рыбачий. Ол Святой аралының шығыс жағында орналасқан. Жаңа арал Святой аралынан шамамен 500 метр қашықтықта, ал Баутино ауылынан шамамен 30 шақырым жерде жатыр", - деді ол.
Компания негізін қалаушы аралдарды негізінен қасқырлар мекендейтінін атап өтті. Сондай-ақ мұнда жабайы қабандар мен борсықтар кездеседі. Жағалау сулары мен аралдарда балықтар мен құстардың сан алуан түрі тіршілік етеді.
"Аралға Маңғыстаудағы Каспий теңізін қорғаушы және экосарапшы Данияр Акимжановтың көмегімен бардық. Бұл аумақ өзінің таңғажайып әрі көркем табиғатымен ерекшеленеді", - деді Ерболат Мұқашов.
Аралды биіктен түсіріп алудың сәті түскен.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2418573-kaspii-tengizinde-zhanga-aral-paida-boldy-video/
