jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Мектепке де, үйірмеге де үлгеру: технологиялар сабаққа баратын күндерді қалай жеңілдетеді

Балалар
Көрнекі фото: depositphotos.com

Қыркүйекте мектепке баратын уақыт қайта оралып, онымен бірге ондаған ұсақ-түйек тірлік те пайда болады. Баланы мектепке ояту, үй тапсырмасын орындауға отырғызу, жаттығу туралы еске салу, сөмкесінің жиналғанын тексеру қажет. Жазғы айлардан кейін балаларға да, ересектерге де жаңа режимге үйренуге тура келеді.

Әсіресе жаңа кесте әлі дағдыға айналмаған қыркүйектің алғашқы апталары оңайға соқпайды. Ата-аналар уақытты бақылап, "тұратын уақыт болды", "формаңды жина", "жарты сағаттан кейін ағылшын тілі" деп қайталап отыратын отбасылық диспетчерлерге айналады.

Технологиялар таңертең жиналу машақатынан және үй тапсырмасынан құтылуға мүмкіндік бермесе де, күнделікті күйбең тірліктің бір бөлігін өз мойнына ала алады. Олардың көмегімен күн тәртібін реттеп, күнделікті күш пен уақытты алатын тапсырмаларды автоматтандыруға болады. Осы орайда Алисасы бар ақылды құрылғылар мектеп оқушысының өмірін реттеуге қалай көмектесетініне және тағы несімен пайдалы бола алатынына тоқталмақпыз.

Ескертпелерді баптау

Бала оқулықты сөмкеге салып жатыр
Фото: AI көмегімен жасалды

Әдетте мектеп оқушылары "Сөмкеңді жина", "Үй тапсырмасын орындайтын уақыт болды", "Репетитор жайлы ұмытпа" деген сөздерді жиі естиді. Балаға режимді сақтау және маңызды нәрселерді ұмытпау оңайырақ болуы үшін ескертпелерді баптауға болады. Мұны телефонда немесе Алисасы бар ақылды Станцияда оңай жасауға болады.

Ақылды колонкада қажетті күні, қажетті уақытта қайталанатын ескертпелерді орнатуға болады. Мысалы, мектептен кейін Алиса балаға сабаққа отыру керектігін, кешке — сөмкені жинау керектігін, ал әр сейсенбі мен бейсенбіде —репетитормен сабағы бар екенін еске салады. Ата-аналарға барлығын есте ұстаудың қажеті болмайды, олардың орнына Алиса балаға ескертіп отырады.

Алиса бір реттік шаруаларды да еске сала алады — мысалы, кітапханаға кітап өткізу, мектепке дәрігер анықтамасын апару немесе шығармашылық жұмысқа қажет табиғи материалдарды жинау. Алиса мұны ұмытпайтыны анық, ал оқушы соңғы сәтте ғана есіне түсіруі мүмкін.

Алисасы бар станцияны оятқыш ретінде де пайдалануға болады. Бала қай музыка арқылы оянатынын таңдап, жұмыс күндері мен демалыс күндеріне әр түрлі оятқыш қоя алады. Бұл сценарийдің тағы бір артықшылығы бар: оятқышты өшіру үшін балаларға смартфонды қолға алудың қажеті жоқ. Колонканы дауыспен басқаруға болады, ал телефон біраз уақыт шетте жата тұрады.

Үй тапсырмасын таймер қосып, орындау

Қыз үй тапсырмасын орындайды
Фото: AI көмегімен жасалды

Үлкен тапсырма көбінесе бірнеше кішкентай тапсырмаға қарағанда қиынырақ болып көрінеді. Бұл үй тапсырмасына да қатысты. Егер арасында үзіліс жасап оқыса, үй тапсырмасын орындау әлдеқайда жеңілірек болады. Мысалы, бір пәнге 20 минут бөліп, содан кейін демалуға болады.

Уақытты әдеттегі таймердің көмегімен де бақылауға болады. Ал егер үйде ақылды колонка болса, "Алиса, таймерді 20 минутқа қой" десеңіз жеткілікті.

Таймерді тек сабақ үшін ғана емес, басқа істерге де қолдануға болады. Мысалы, сөмкені жинауға, үстелді тазалауға немесе кітап оқуға он минут бөлуге болады. Бала қандай да бір істің қанша уақытқа созылатынын біліп, өз уақытын басқаруды біртіндеп үйренеді.

Сабақ оқуға отырарда жарықты баптау

Күзде күн қысқарады. Бала үй тапсырмасын орындап отырып, күннің қалай батқанын байқамай қалуы мүмкін. Жарық жеткілікті болуы үшін кешке үстел шамы өзі қосылатындай етіп ақылды үй сценарийін баптауға болады. Бұл үшін Алисасы бар колонка мен ақылды шам қажет болады.

Ақылды үй сценарийлерінде бірнеше құрылғыны пайдалануға болады. Мысалы, таңертең оятқышпен бірге жұмсақ жарық қосылатындай, ал "Алиса, түн" пәрмені бойынша түнгі шам жанып, перделер түсірілетіндей етіп жасау оңай.

Бірдеңе түсініксіз болғанда сұрақ қою

Оқу кезінде балада көптеген сұрақ туындайды: найзағай қайдан пайда болады, фотосинтез деген не, шығарманы кім жазды немесе белгілі бір термин нені білдіреді.

Жауапты тек іздеу жүйесінен немесе оқулықтан ғана емес, Алисасы бар ақылды колонканың көмегімен де табуға болады. Мысалы, ол тарихи оқиғалардың себептері туралы айтып береді, күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндіреді және тақырып бойынша қызықты фактілерді бөліседі. Бұл ретте балаға экран алдында отырудың қажеті жоқ: ол сұрақтарды ауызша қойып, жауаптарды тыңдай алады. Бұл әсіресе көп жазып, оқуға тура келетін мектептен кейін өте ыңғайлы. Алисамен орыс тілінде де, қазақ тілінде де әңгімелесуге болады. Тілді ауыстыру үшін: "Алиса, тілді қазақшаға ауыстыр", - деу жеткілікті.

Алисаға тек үй тапсырмасы бойынша ғана емес, әр түрлі сұрақтармен де жүгінуге болады. Мысалы, ол түрлі елдердің астаналарын еске түсіруге көмектеседі, Айдың қалай пайда болғанын түсіндіреді және керіктің тілі неге соншалықты ұзын екенін айтып береді. Бала өз өрісін кеңейтіп, туындаған сұрақтарына жауап ала алады.

Жауапкершіліктің бір бөлігін балаға тапсыру

Яндекс Станция
Фото: Яндекс

Оқу жылының басталуы — гаджеттерге тек көңіл көтеретін зат ретінде ғана емес, басқаша қырынан қарауға жақсы себеп. Дәл сол құрылғылар балаға күнін ұйымдастыруға, жаңа ағылшын сөздерін үйренуге, кітап тыңдауға немесе сабақтан кейін туындаған сұрақты түсінуге көмектесе алады.

Технологиялардың міндеті — мектеп шаруаларын баланың орнына орындау емес, оның өзі біртіндеп пайдалана алатын құралдарын көбейту: ескертпелерді баптау, өз уақытын ұйымдастыру, аудиокітапты қосу немесе жаңа тақырыптың жеңіл түсіндірмесін табу. Ал бұл дағдылар оқу жылынан тыс уақытта да қажет болады.

Мектепке де, үйірмеге де үлгеру: технологиялар сабаққа баратын күндерді қалай жеңілдетеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.