jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақтауда ата-аналар мектеп кітапханасынан жыртық оқулықтар алғанын айтып шағымданды (видео)

жыртық оқулық
Жыртылған оқулық. Видеодан кадр: youtube.com/@aktau-lada-kz

Ақтау мектептерінің бірінде оқитын балалардың ата-аналары мектеп кітапханасынан жыртылған оқулықтар берілгенін айтып шағымданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның YouTube-тегі арнасында ақтаулық оқушылардың ата-аналары түсірген видео жарияланды.

Қала тұрғындары мектеп кітапханасынан балаларына жыртылған оқулықтар берілгенін алға тартады.

"Біз бесінші сыныпқа бардық. Бізге өте нашар күйдегі оқулықтар берілді. 13 кітаптың ішінде тек екеуі ғана жарамды", - дейді ата-аналардың бірі.

Қалған 11 оқулықтың жағдайы өте нашар. Беттері жартылай жыртылған, парақтары түсіп қалған. Оларды оқуға пайдалану физикалық тұрғыда мүмкін емес", - деді Ақтау тұрғыны.

Бұл жағдайға қатысты Ақтау қалалық әкімдігінің білім бөлімі түсініктеме берді.

Ведомство өкілдері жалпы білім беретін мектептердегі оқулықтарды пайдалану мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленетінін айтты. Оқу бағдарламалары өзгерген кезде жекелеген сыныптарға арналған оқулықтар жаңа талаптарға сай кезең-кезеңімен жаңартылады.

"Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарындағы оқулықтар белгіленген тәртіппен кезең-кезеңімен жаңартылуда. Оқулықтардың жай-күйі мен оқушыларды уақытылы қамтамасыз ету мәселесі мектеп әкімшілігінің бақылауында", - делінген хабарламада.

5-сыныпқа арналған оқулықтар 2017 жылы басылып шыққан. 2018 жылдан бастап оқушылар контингентіне сәйкес жетіспейтін оқулықтар қосымша сатып алынуда. Сонымен қатар 2019 жылдан бастап оқулықтар қорын жаңарту мақсатында тиісті пәндер бойынша бұрын сатып алынған оқулықтар санының 20 пайызы көлемінде жаңа кітаптар сатып алынады.

Білім бөлімі жарамсыз немесе бүлінген оқулықтар белгіленген тәртіппен есептен шығарылып, жаңасына ауыстырылуға тиіс екенін атап өтті.

"Жаңа оқулықтар келіп түскенге дейін қолда бар кітаптарды мүмкіндігінше қалпына келтіріп, реттейміз.

Оқулықтардың физикалық жағдайына қатысты сұрақтар бойынша ата-аналар мектеп әкімшілігіне жүгіне алады", - деп мәлімдеді білім бөлімі өкілдері.

Ақтауда ата-аналар мектеп кітапханасынан жыртық оқулықтар алғанын айтып шағымданды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.