jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды: әліпби жетілдіріледі

Қазақ әдеби тілінің сөздігі
Сөздік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда бірнеше жыл бұрын қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолға алынған. NUR.KZ редакциясы Ғылым және жоғары білім министрлігінен бұл жұмыстың қай кезеңде екенін білуді жөн көрді.

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда қазақ тілі әліпбиінің жобасы мен латын графикасы негізіндегі емле ережелерін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-лингвистері мен жоғары оқу орындарының мамандары тартылған.

"Латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиі мен оның емле ережелері тиісті нормативтік құқықтық актілер бекітілгеннен кейін ғана қолданысқа енгізіледі", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Қаржыландыру мәселесіне қатысты сұраққа жауабында ведомстводағылар жоспардың өзгеруіне байланысты қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі бюджетке қайтарылғанын атап өтті.

"Республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі тиісті нормативтік құқықтық актілер бекітілгеннен кейін қарастырылады.

Барлық салалар мен мекемелерде латын графикасына көшу жұмыстары алдағы уақытта бекітілетін, көшуді кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздейтін іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі", - деп мәлімдеді ҒЖБМ өкілдері.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды: әліпби жетілдіріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.