19 жыл бұрын жоғалған: Алматы облысы тауларынан табылған мәйіттің жеке басы анықталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысы полиция департаменті Нелли Михееваның мәлімдемесін растады. Ол таудан табылған адам сүйегі әкесіне тиесілі екенін айтқан болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Талғар ауданындағы Северцов мұздығынан адам денесінің табылуына байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Жүргізілген іс-шаралар барысында қаза болған адамның жеке басы анықталды. Ол бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ер адам 19 жыл бойы іздеуде болған.
Адамның денесі мұздық ерігеннен кейін табылған деген болжам бар", - деп хабарлады полиция.
Полиция департаменті дерегінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен өлім себептерін анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2418802-19-zhyl-buryn-zhogalgan-almaty-oblysy-taularynan-tabylgan-maiitting-zheke-basy-anyqtaldy/
