jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Түркістан облысында көктемде суға кеткен баланың денесін қайта іздей бастады

Түркістан облысындағы іздеу жұмыстары
Түркістан облысындағы іздеу жұмыстары. Кадр видеодан: КТК телеарнасы

Түркістан облысында биыл көктемде суға кеткен баланың денесін іздеу жұмысы қайта жанданды. 23 наурызда Келес өзеніне құлап кеткен сегіз жасар Жаннұр Тұрсынбекті құтқарушылар мен еріктілер 73 тәулік іздеген. Табылмаған соң, іздеуді ресми түрде тоқтатқан. Ата-анасының өтінішімен оқушының мәйітін құтқарушылар қайта іздеп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Іздеу жұмысына бұл жолы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының құтқарушыларына жамбылдық әріптестер де қосылды. Полицейлер, әкімдік қызметкерлері мен мұғалімдер де бар. Еріктілер мен баланың туыстарын қосқанда, жалпы 90-нан астам адам Құрылыс ауылының маңынан бастап, Келес өзенінің табаны мен жағалауын түгел тінтіп жатыр.

Адамнан өзге құтқару катерлері, эхолоттар, ұшатын дрондар мен су астындағы дрондарға дейін қолданылуда.

"Іздеу нәтижесі баланың құлаған жерінен 30 километр су асты сүзу жұмыстары жүрді. Сонымен қатар өзеннің екі бетін жеке құрам толық көріп шықты. 31 километр дрон арқылы барлығы тексерілді. Сонымен қатар терең жерлерді су асты дронмен 31 рет қайта тексерілді. Қазір осы құлаған жерден шлюзға дейін толық тексерілді", - дейді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Әлиханов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Түркістан облысында көктемде суға кеткен баланың денесін қайта іздей бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.