jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қарағанды облысында суға батқан баланы құтқарған 13 жастағы оқушы тағы да марапатталды

Нұралы Әлхан
Нұралы Әлхан. Фото: ҚР ТЖМ

Қарағанды облысының ТЖД-де суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде батылдығы мен жедел әрекеті үшін 13 жастағы Нұралы Әлханды марапаттау рәсімі өтті. Нұралы марапаттау рәсіміне отбасымен бірге келді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтың бұйрығымен Нұралы Әлхан "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" ведомстволық медалімен марапатталды.

Облыстық ТЖД бастығы генерал-майор Марғұлан Аманбаев жасөспірімге көрсеткен ерлігі үшін жеке алғысын білдіріп, оның әрекеті шынайы құрметке лайық екенін және құрдастарына үлгі болатынын атап өтті. Сонымен қатар Департамент атынан оған естелік сыйлық табысталды.

Еске сала кетейік, оқиға биыл тамызда Семізбұғай көлінде орын алған.

Демалыс кезінде қатты желдің екпінінен кішкентай бала отырған үрлемелі матрас аударылып кеткен. Суға құлаған бала бата бастаған. Оқиға орнында Нұралы Әлхан да болған. Жасөспірім абдырап қалмай, ойланбастан көмекке ұмтылған. Ол жедел әрі батыл әрекетінің арқасында баланы дер кезінде жағаға шығарып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Оқушының ерлігі туралы алғаш болып әлеуметтік желі қолданушылары хабарлаған.

Оқиға көпшіліктің назарын аударып, шынайы батылдық пен бейжай қалмаудың үлгісіне айналды.

Қарағанды облысының ТЖД жас батырға батыл әрекеті мен адам өмірін құтқаруға деген жауапкершілігі, қиын сәтте тайсалмай, көмекке ұмтылғаны үшін үшін алғыс білдіреді.

Еске салсақ, Қарағандыда 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батып бара жатқан төрт жасар баланы құтқарып қалған. Жас батырды облыстық ПД бастығы Негмет Исмағұлов қабылдап, алғыс айтты. Көрсеткен батылдығы мен табандылығы үшін полиция департаментінің бастығы Нұралы Әлханға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нышаны бейнеленген қолсағат сыйға тартып, бауырларына да сыйлықтар берген еді.

Қарағанды облысында суға батқан баланы құтқарған 13 жастағы оқушы тағы да марапатталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.