jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 70-ке дейін артады

Ұшақ
Ұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қазақстан мен Сауд Арабиясы 26 тамызда екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру туралы келісімге келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрліктің Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, бұл келісім сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ туристік және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар тұрақты рейстердің рұқсат етілген санын аптасына 28 рейстен 70 рейске дейін ұлғайтты.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде әуе тасымалдаушылары Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты рейстер ашуды, сондай-ақ Сауд Арабиясының басқа қалаларына орындалатын бағыттардың санын арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 70-ке дейін артады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.