jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда 30 тамызға дейін көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: DmyTo/iStock/Getty Images Plus

Алматыда апта соңына дейін Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы AlmatyJoly арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, Жандосов көшесінің қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланған. Осыған байланысты 27 тамыз сағат 22:00-ден 30 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде реверсивті қозғалыс болады.

"Жол толықтай жабылмайды. Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, жылдамдық режимін сақтауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын орындауды сұраймыз", - деп ескертті Алматы тұрғындары мен қонақтарын әкімдіктегілер.

Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Алматыда 30 тамызға дейін көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.