jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қатты жел, найзағай, жаңбыр": синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

Ертең, 28 тамызда еліміздің 16 облысында ауа райы бұзылуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыста 35 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың солтүстігіндегі екпіні 15 м/с қамтиды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 28 тамызда оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтауда 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 28 тамызда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі, ал облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының шығысында, солтүстік-шығысында, батысында, солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 28 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 28 тамызда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 28 тамызда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман түсетіні болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп болжанады. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

"Қатты жел, найзағай, жаңбыр": синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.