jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

1 қыркүйекте Алматы мектептері маңында полиция бақылауды күшейтеді: жүргізушілерді не күтіп тұр

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

1 қыркүйекте Алматы мектептерінің маңында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 700-ге жуық полиция қызметкері мен 130 патрульдік экипаж жұмылдырылады. Жүктемесі жоғары қиылыстарда көлік қозғалысын қолмен реттеу енгізіледі, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полиция департаменті мәліметінше, 1 қыркүйекте Алматы ПД-ның жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне көшеді. Полиция жасақтары қаладағы барлық жалпы білім беретін мектептің маңына қойылады.

Таңғы және кешкі уақытта негізгі қиылыстар мен бағдаршамдарда қозғалысты қолмен реттеу ұйымдастырылады. Инспекторлар сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін және 17:30-дан 19:30-ға дейін жұмыс істейді.

Полиция департаменті өкілдері жол қозғалысы, оның ішінде мектеп маңында көлік тоқтату мен тұраққа қою және жаяу жүргіншілерге жол беру ережелеріне айрықша назар аударылатынын ескертті. Жылдамдық режимін бақылау бейнебақылау камералары мен жол белгілері арқылы жүзеге асырылады.

Балалардың жолдан қауіпсіз өтуі үшін қарбалас уақытта патрульдік және ювеналды полиция қызметкерлері тартылады.

Көлік кептелісі немесе жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, патрульдік экипаждар мектептерге барынша жақын орналастырылады. Құқық бұзушылықтар немесе қауіпті жағдайлар туралы 102 нөмірі арқылы хабарлауға болады.

1 қыркүйекте Алматы мектептері маңында полиция бақылауды күшейтеді: жүргізушілерді не күтіп тұр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.