jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Үш ауысыммен оқимыз": Атырау тұрғындары мектеп құрылысын оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды талап етті

мектеп
Мектеп. Видеодан кадр: КТК

Атырау тұрғындары аудандарындағы мектеп құрылысын аяқтауды талап етті. Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды, алайда ата-аналар балаларының қайда оқитынын білмейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасының сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындар жаңа ғимаратты бес жылдан бері күтіп жүр.

"Егер мектеп ашылмаса, бізге ашығын айтсын. Біз бекер үміттеніп жүрміз. Балаларымыз қазір үш ауысыммен оқитын мектептерге барып жүр. Біз оларды қалыпты мектепке ауыстырғымыз келеді. Егер бұл мектеп ашылмаса, созбалаңға салмай, бізге бірден айтсын", - дейді жергілікті тұрғын Ілияс Қадіров.

Қала тұрғындары бұл мәселе бойынша әкімдікке жүгінген, бірақ жауап ала алмаған.

Атыраудың шетінде 600 орындық мектепті ашуға бірнеше жылдан бері уәде беріліп келеді. Бұған дейін мердігер компания мемлекеттік бюджеттен қаражаттың уақытылы түспеуіне байланысты құрылыс кешіккенін айтқан. Кейіннен сметаның өзгергені туралы да айтылды.

Шенеуніктер мектеп 1 қыркүйекте есігін ашады деп уәде берген еді.

"Көктем шағын ауданында орналасқан 600 орындық мектептің құрылысы толық аяқталды. Барлық процедура жүргізілді, қазір нысанды 1 қыркүйекте ашуға дайындап жатырмыз. Жобаға өзгерістер енгізілуіне байланысты құрылыс жұмыстары осы уақытқа дейін созылды", - деді Атырау облыстық құрылыс басқармасы бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғали.

Дереккөз: КТК

"Үш ауысыммен оқимыз": Атырау тұрғындары мектеп құрылысын оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды талап етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.