jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Әділетті қоғамға - шыншыл сөз": Жетісуда президенттің жаңа кітабы таныстырылды

Жетісуда Президенттің жаңа кітабы таныстырылды
Фото: Дмитрий Ерофеев

Жетісу облысында Мемлекет басшысының "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" атты кітабы таныстырылды. Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы жаңа кітапханада өткен шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Жетісу облысында Мемлекет басшысының "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" атты кітабы таныстырылды. Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы жаңа кітапханада өткен шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты", - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері, жастар өкілдері жиналды.

Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысының жаңа кітабының мән-маңызына тоқталды.

"Бұл – Президенттің Әділетті, өркендеген Қазақстан құрудағы мемлекетшіл мұраттары, өмірлік ұстанымдары, қасиетті құндылықтар туралы ойларының жинағы. Бүкіл саналы ғұмырын мемлекет ісіне арнап келе жатқан көрнекті тұлғаның өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесінен түйгендері, қайраткерлік биігінен қарағандағы пікір-пайымдары. Кітапта халықтың сапалы, озық ойлы ұлтқа айналуына бағыт-бағдар көрсетіліп, осы жолда қандай мінез-құлық, болмыс-бітім, қадір-қасиеттер маңызды екені айқын паш етілген. Бұл кітап тек белгілі бір аудиторияға ғана емес, барша оқырман қауымға арналады. Жас айырмашылығына, әлеуметтік мәртебесіне, басқа да ерекшелігіне қарамастан әркім өзіне керегін екшеп ала алады. Сондықтан бүгін осы кездесуде аға буын мен жастардың басын қосып отырмыз" - деді Б. Исабаев.

Жетісуда Президенттің жаңа кітабы таныстырылды
Фото: Дмитрий Ерофеев

Мұнан соң кездесуге қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ой қосты.

"Президент кітапта "Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек" дейді. Неге Абайдан? Өйткені Абай "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" дейді бізге. Яғни ел болып ұйысудың, бір мақсатқа бірігудің жолын көрсетеді. Соңғы кезде біз жиі айтатын "Бәрімізге ортақ құндылық бар ма?" деген сұраққа Мемлекет басшысы: "Әділеттілік – қоғамды өркениетке жетелейтін, оның бет-бейнесін айқындайтын басты құндылық" деп жауап береді. Жастар бөлімінде Мағжанша мен жастарға сенемін дей отырып, ел ертеңі жастарда екенін, сондықтан оларға жақсы біліммен қатар жақсы тәрбие беру керектігін айтады. Жалпы, бұл әрбір адамды ойландыратын, бағыт беретін жинақ", - деді ардагер журналист Жұмахмет Жайлаубаев.

Белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов жаңа құндылықтар қалыптастыруға қатысты пікірін білдірді:

"Күні кеше Президент амандасу әдебі туралы жақсы айтты. Сөз басы сәлемнен басталады. Сондықтан оның әдебін үйретуді балабақша мен мектептен бастау керек. Бүгін таныстырылып отырған "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" атты кітабында Президент "Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс", - дейді. Яғни жаңарған қоғам жасау бір ғана адамның, немесе бір мекеменің емес, әрқайсымыздың қолымызда екенін айтады. 21 тақырыптық бөлімге бөлінген бұл кітапта заң үстемдігінен бастап экологиялық мәдениетке дейінгі барлық тақырып қамтылған", - дейді А. Бұлғақов.

Жетісуда Президенттің жаңа кітабы таныстырылды
Фото: Дмитрий Ерофеев

"Президент жастар тәрбиесінің ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін үнемі айтады. "Бүгін саналы ұрпақты тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз", - дейді бір қанатты сөзінде. Сондықтан біз, жастар тек сапалы білім алып қана қоймай, ізденіп, өзімді өзіміз жан-жақты дамытып, азаматтық жауапкершілікті, жаңа құндылықтарды қалыптастыруға үлес қосуымыз керек", - деді Жетісу студенттер альянсының төрайымы, амбудсмен Ақерке Қызайбай.

Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Кербұлақ аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова, ардагер қаламгер Әли Ысқабай да ой қосты.

Жалпы, жыл сайын ұлғайтылудың арқасында кітапханалардағы кітап қоры бүгінгі күні 2,8 млн данаға жетті. Осы орайда Президенттің "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" кітабы аудан-қалалардағы кітапханаларға, соның ішінде колледждерге де тапсырылып, кітап қорын толықтыруда.

"Әділетті қоғамға - шыншыл сөз": Жетісуда президенттің жаңа кітабы таныстырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.