jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Түркістан облысында әжесі 18 жастағы немересіне бүйрегін беріп, аман алып қалды (видео)

Әжесі мен немересі
Әжесі мен немересі. Фото: instagram.com/okb_turkestan

Түркістанда 18 жастағы қызға 60 жастағы әжесі бүйрегін беріп, өмірін сақтап қалды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, түркістандық қария немересіне бүйрегін берген.

Айта кету керек, 18 жастағы бойжеткенге созылмалы бүйрек ауруының 5-сатысы диагнозы қойылған. Бұған дейін ол жыл басынан бері аптасына үш рет бағдарламалық гемодиализ қабылдап келген және кішкентай күнінен бір бүйрекпен өмір сүріпті.

Донор болуға өз еркімен келісім берген әжесі - 60 жаста. Бүйрегін беріп, немересіне жаңа өмір сыйлады. Облыстық клиникалық ауруханада жасалған кезекті операция сәтті аяқталған.

Түркістан облысында әжесі 18 жастағы немересіне бүйрегін беріп, аман алып қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.