Жауын-шашын, үсік пен дауыл: жаздың соңғы күнінде Қазақстанда ауа райы қолайсыз болады
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Қазгидромет" синоптиктері жаздың соңғы күнінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе облысы
31 тамызда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және Ақтөбе қаласында тұман түседі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және Ақтау қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы
Күндіз солтүстікте аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Көкшетау қаласында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Атырау облысы
Облыс аумағында және Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және Орал қаласында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы
Өңірде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 18–23 м/с-қа жетеді. Күндіз 35 градус аптап сақталады. Алматы, Қонаев, Іле Алатауы: күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел 15–23 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысы
Күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі, жел екпіні 15–20 м/с. Қостанай қаласында күндіз жел екпіні 15 м/с болады.
Жетісу облысы
Таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні 15–20, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Абай облысы
Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні 23–28 м/с. Семей қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел 15–20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Солтүстікте, шығыста және таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады, жел екпіні 25 м/с-қа жетеді. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Түркістан облысы
Таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Шымкент, Түркістан қалаларында және облыс аумағында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы
Солтүстік, оңтүстік, шығыста жел екпіні 15–20 м/с болады. Өңірде және Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
Оңтүстік пен шығыста жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік пен шығыста тұман түсіп, жел екпіні 15–23 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысы
Таңертең және күндіз жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, жел екпіні 25 м/с-қа жетеді. Таразда күндіз жел екпіні 15–20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл тұрады, жел екпіні 23–28 м/с дейін күшейеді. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, дауыл тұрады.
Павлодар облысы
Түнде және таңертең солтүстікте, орталықта және Павлодар қаласында тұман түседі.
Қызылорда облысы
Облыстың орталығында, оңтүстігінде және Қызылорда қаласында шаңды дауыл соғады, жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2420357-zhauyn-shashyn-usik-pen-dauyl-zhazdyng-songgy-kuninde-qazaqstanda-aua-raiy-qolaisyz-bolady/
