Тамызда пәтер бағасы өсті ме: сарапшылар пікірі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жеке хабарландырулар алаңындағы деректер бағаның нақты өзгерісін көрсетеді. Қаңтар-тамыз айларында Астанада екінші нарықтағы баспана айтарлықтай қымбаттады. Алматыда баға әзірге тұрақты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мақаласынан оқыңыздар.
Krisha.kz порталы 2026 жылдың сегіз айындағы Қазақстан қалаларындағы жеке хабарландырулар бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелерін жариялады.
Сарапшылардың мәліметінше, қаңтардан бері Қазақстанда пәтерлер орта есеппен 2 пайызға, ал жыл басынан бері 6 пайызға қымбаттаған. Тамыз айында екінші нарықтағы баспана бағасы іс жүзінде өскен жоқ. Ұсыныстың орташа құны шілдемен салыстырғанда небәрі 0,1 пайызға төмендеді.
Алайда өңірлер бойынша қарастырсақ, қаңтар-тамыз айларында бірқатар қаалада бағаның өсуі байқалады:
Көкшетау – 8,3 пайыз;
Павлодар – 7,2 пайыз;
Семей – 6,2 пайыз;
Өскемен мен Астана – тиісінше 5,5 пайыз және 5,3 пайыз;
Қарағанды мен Қостанай – баға 4,6 және 4,7 пайызға өсті.
Сонымен қатар қаңтар айынан бері Ақтөбеде (-4,4%), Ақтауда (- 2,9 пайыз) және Атырауда (-1,8 пайыз) бағаның төмендегені байқалады.
Ең қымбат және ең арзан баспана қайда
Сарапшылардың дерегінше, тамыз айының қорытындысы бойынша пәтер бағасы ең жоғары қала әлі де Алматы болып қалып отыр. Мұнда пәтердің шаршы метрі 793 630 теңгені құрайды. Дегенмен мегаполисте баға өсіп жатқан жоқ. Қаңтардан бері мұнда пәтер бағасы 1,4 пайызға төмендеген. Ал жылдық көрсеткіш бойынша (2025 жылдың тамызына қарағанда) қымбаттау.
Пәтер құны өңірлер бойынша мынадай:
Астана – шаршы метрі 602 443 теңге. Бір айда 1,1 пайызға өскен, қаңтардан бері өсім 5,3 пайызды құрады. Ал бір ішінде екінші нарықтағы үй құны 13,5 пайызға өсті.
Шымкентте пәтердің шаршы метрі - 473 235 теңге. Тамызда баға 1,1 пайызға өскенімен, қаңтардан бері 1,2 пайызға төмендеген. Жылдық есепте құны 4,6 пайызға артты.
Ең қолжетімді пәтерлер Қызылордада (шаршы метрі 264 660 теңге), Ақтөбеде (310 925 теңге) және Таразда (323 328 теңге).
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2420559-tamyzda-pater-bagasy-osti-me-sarapshylar-pikiri/
