jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда жекеменшік мектептердегі оқу ақысының шекті мөлшері бекітілуі мүмкін

мектеп оқушысы
Оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептердегі мемлекеттік тапсырыс көлемін бекітуді ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ашық НҚА" порталында "Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқу үшін ата-аналар төлемінің шекті мөлшерін бекіту туралы" бұйрық жобасы жарияланды.

"Бұйрық жобасы мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын жекеменшік орта білім беру ұйымдары үшін қаржыландырудың бекітілген мөлшерін белгілеуді көздейді.

Жобаның негізгі мақсаты – ата-аналар үшін оқу ақысының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеруіне байланысты оқу ақысының автоматты түрде өсуіне жол бермеу көзделеді", - делінген құжатта.

Ұсынылып отырған тәсіл қолжетімді білім беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл оқу ақысын қалыптастырудың ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар есептік көрсеткіштердің жыл сайынғы өзгеру әсерін азайтып, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік мектептерде білім алу үшін тұрақты жағдай жасайды.

Жоба 15 қыркүйекке дейін қоғам талқылауына шығарылды.

Қазақстанда жекеменшік мектептердегі оқу ақысының шекті мөлшері бекітілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.