jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Биыл күзде Ақтаудан Стамбұлға тікелей рейс қайта орындала бастайды

FlyArystan ұшағы
FlyArystan ұшағы. Иллюстрациялық фото: FlyArystan

FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Стамбұл бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қалпына келтіреді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтаудан алғашқы рейс 2026 жылғы 22 қазанға белгіленген. 27 қазаннан бастап рейстер тұрақты негізде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Сейсенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:40-та ұшып, Стамбұлға сағат 10:35-те келеді. Кері рейс Стамбұлдан сағат 11:40-та ұшып, Ақтауға сағат 17:05-те қонады. Сенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:35-те ұшып, Стамбұлға сағат 10:30-да келеді. Кері рейс Стамбұлдан сағат 11:15-те ұшып, Ақтауға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:40-та қонады.

Бұған дейін әуекомпания Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстердің қайта жанданатынын хабарлаған. Армения астанасына рейстер 2026 жылғы 16 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Қазіргі уақытта FlyArystan әуекомпаниясының Ақтаудан ұшатын халықаралық бағыттар желісіне Кутаиси, Баку, Дубай, Батуми және Үрімші кіреді.

Биыл күзде Ақтаудан Стамбұлға тікелей рейс қайта орындала бастайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.