jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді

Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді
Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді. Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Ақмола облысында бірден екі жаңартылған теміржол нысаны пайдалануға берілді. Есіл қаласында жаңа вокзал жұмысын бастаса, Бұланды ауданының Никольское ауылында Ельтай станциясының вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Екі нысан да теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жаңартылды, деп хабарлайды Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Есіл қаласындағы вокзал 1960 жылы салынған ескі ғимараттың орнына бой көтерді. Жаңа нысанның аумағы 485 шаршы метрді құрайды. Мұнда жолаушыларға арналған аймақтар мен инженерлік коммуникациялар жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қажетті жағдайлар жасалған.

Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді
Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді. Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ашылу салтанатына қала тұрғындары, теміржол саласының өкілдері мен ардагерлері қатысты. Есіл ауданының әкімі Ғазиз Айтмұханбетов жаңа вокзалдың тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, қаланың өзге елді мекендермен көлік байланысын дамытудағы маңызын атап өтті.

Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді
Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді. Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сол күні Никольское ауылындағы Ельтай станциясының вокзалы да реконструкциядан кейін қайта жұмысын бастады. Мұнда жолаушыларға арналған бөлмелер жаңартылып, қолайлы жағдайлар жасалды.

Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді
Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді. Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Салтанатты шараға аудан және теміржол саласының өкілдері қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында «Құрметті теміржолшы», Есіл станциясының зейнеткері Аманбай Ештаев болды.

Айта кетейік, Ақмола облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары 16 нысанды қамтиды. Бүгінде олардың 14-інде жұмыс аяқталды. Оның ішінде 9 вокзал жаңадан салынса, қалғандарында күрделі реконструкция жүргізілді. Биыл шілде айында Ерейментау, Еркеншілік, Үленті, Державинск және Жалтыр станцияларының жаңартылған вокзалдары пайдалануға берілді.

Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді
Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді. Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қалған екі нысан – Атбасар және Көкшетау станцияларының вокзалдарын қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жоба толық аяқталғаннан кейін өңірдегі барлық 16 теміржол нысанында жолаушылар заманауи әрі жайлы инфрақұрылымды пайдалана алады.

Ақмола облысында жаңартылған екі вокзал пайдалануға берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram