jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақмола облысы мен Канаданың Olds College колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек

Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек
Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек. Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы мен Канаданың Olds College арасында білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өңір студенттері мен оқытушылары үшін халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, агротехнология, экология және агро-робототехника салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуға жол ашады, деп хабарлайды Ақмола облысының білім басқармасы.

Меморандум аясында тараптар бірлескен білім беру бастамаларын, оның ішінде қолданбалы бакалавриат және бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу мен дамыту мүмкіндіктерін қарастырады. Сонымен қатар қос дипломды білім беру бағдарламаларын және өзара келісілген басқа да академиялық жобаларды іске асыру көзделген.

Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек
Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек. Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – академиялық ұтқырлық. Оның аясында студенттер мен оқытушылар алмасуын ұйымдастыру, халықаралық тағылымдамаларға қатысу және семестрлік білім беру бағдарламаларына мүмкіндік беру жоспарланып отыр.

Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек
Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек. Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Меморандум ғылыми-зерттеу саласындағы серіктестікті де қамтиды. Атап айтқанда, агротехнология, экология және тұрақты даму бағыттарында бірлескен ғылыми жобалар жүргізу, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған жүйелер мен инженерлік шешімдерді қамтитын агро-робототехника саласын дамыту көзделген.

Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек
Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек. Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

"Бұл бастама өңіріміздің колледждерінің әлеуетін арттыруға, студенттердің халықаралық білім алуына және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды құжат. Бүгінгі меморандум алдағы уақытта бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады", – деп атап өтті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бөлімінің басшысы Нажмиден Нуралин.

Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек
Ақмола облысы мен Канада колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек. Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Канададағы Olds College-бен орнатылған әріптестік Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық тәжірибемен ұштастыруға, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және аграрлық сектор үшін заманауи технологияларды меңгерген жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.

Ақмола облысы мен Канаданың Olds College колледжі ынтымақтастықты кеңейтпек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram