jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Катонқарағай паркінде ілбістердің сирек кездесетін түрлері фототұзаққа түсіп қалды (видео)

Қар барысы үш аланымен
Қар барысы үш аланымен. Кадр видеодан: instagram.com/qazaqormany

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының сирек кездесетін кадрларын тіркеді, деп хабарлайды табиғи парктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында ерекше кадрларды жариялады. Парк қызметкерлері фототұзақ объективіне қар барыстарының отбасылың тіршілігі түсіп қалғанын айтты.

"Алдымен фототұзақ объективіне аталық қар барысы ілікті. Ол камераға жақындап, иіскеп көрді де, басқа жаққа бұрып жіберді. Бірақ екінші фототұзақ ең маңызды сәтті сақтап қалды.

Кадрда — аналық қар барысы мен оның үш аланы. Анасының жанында ойнап жүрген аландар — қар барыстарының адам көзіне көріне бермейтін отбасылық тіршілігін тамашалауға мүмкіндік берген аса сирек көрініс.

Ең қызығы, бір қар барысы камераны басқа жаққа бұрып жатқанда, екінші фототұзақ осы бір отбасылық сәтті таспаға түсіріп үлгерген", - делінген ұлттық парк хабарламасында.

Катонқарағай паркінде ілбістердің сирек кездесетін түрлері фототұзаққа түсіп қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram