jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстан халқының саны туралы жаңа деректер жарияланды

қазақстандықтар
Қазақстан халқы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты соңғы деректерді жариялады. Жыл басынан бері халық саны 105 мыңға жуық адамға өсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 604 819 адамға жетті. Жыл басында бұл көрсеткіш 20 499 822 адам болған еді. Осылайша, жалпы өсім – 104 997 адам.

Тамыздың басында республикада 10 531 747 әйел және 10 073 072 ер адам тұрды.

Ел тұрғындарының жалпы санының 13,2 млн-нан астамы қалаларда тұрады. Өткен сегіз айда қала халқының саны 126 649 адамға өсті. Ал ауылдық жерлерде халық саны 21 652 адамға азайды. Тамыз айына қарай ауылдарда 7,4 млн-ға жуық адам тұрды.

Сондай-ақ Қазақстанның халқы ең көп өңірлері белгілі болды:

Алматы – 2,3 млн адам;

Түркістан облысы – 2,1 млн адам;

Астана – 1,6 млн адам;

Алматы облысы – 1,6 млн адам;

Шымкент – 1,3 млн адам.

Қазақстан халқының саны туралы жаңа деректер жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram